Nur Otan мүшесі Халықаралық жыршы фестивалінде жеңімпаз атанды

16 Сәуір 2019, 15:40
2631
Бөлісу:
Nur Otan мүшесі Халықаралық жыршы фестивалінде жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Cәуір айының 5-інде Өзбекстан Республикасының Термез қаласында тұңғыш «Халықаралық бахшы (жыршы) өнерінің фестивалі» өтті, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фестивальдің ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
 
I Халықаралық бахшы фестивалінде бахшы өнер додасымен қатар, ұлттық тағамдардың, қолөнер бұйымдарының, халықтың салт-дәстүріне қатысты жәдігерлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  

Бес күнге созылған алғашқы фестивальге Корей, Моңғолия, Малайзия, Венгрия, Сербия, Башқұртстан, Түрікменстан, Түркия, Әзірбайжан, Болгария, Қырғызстан мен тағы басқа 74 мемлекеттен 160-тан аса өнер иесі қатысты.

Қазақстанның атынан мәртебелі өнер додасына Сыр бойы жыраулық мектебінің үлкен өкілі, атақты Бидас Рүстембековтің шәкірті, жырау Ұлжан Байбосынова қатысты.

Доданың қорытындысы бойынша Ұлжан Байбосынова бас жүлдені ұтып алып, өнеріміздің абыройын асқақтатты.

Ұлжан Байбосынова  - Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің директоры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, Франция әдебиеті мен өнері кавалері орденінің иегері,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Өзгелердің жаңалығы