Ақтөбеде жылыжай ашылды

4 Сәуір 2019, 16:39
2888
Бөлісу:
Ақтөбеде жылыжай ашылды
Фото: автордан

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде жылыжай кешені ашылды. Ақтөбе облысында өсірілген қиыр мен қызанақ Ресейге экспортталатын болады. Голландиялық инвестор жоба үшін 20 миллиард теңгеден көп қаржы жұмсаған.

Голландиялық агроөндіріс мамандары мен ақтөбелік шаруалар елде теңдессіз жылыжайды өңірде ашты. Жылыжай кешенін ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ермек Көшербаев пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аралап көрді. Қызанақ пен қияр өсіруге арналған жылыжай құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Бүгін 6,7 гектары пайдалануға берілді. Қазіргі заманға сай голландиялық құралдармен, климатты бақылау жүйесімен жабдықталған.

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Сыртқы істер министріне сырттан инвестиция тарту және экспорттың жолын ашуға тапсырма берген болатын. Бұл жоба ерте басталды. 3 жыл бұрын Қазақстан мен Мажарстан елдері елшіліктері, Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен екі ел арасында біріккен инвестициялық қор ашылды. Қордың бұл алғашқы жобасы. Керемет жоба. Елбасымыз бен Президентіміз қойған тапсырмалар бойынша Қазақстаннан шығарылған азық-түліктерді халықаралық нарыққа шығару. Осы кәсіпорынның келешекте кеңейтіледі. Жергілікті әкімдік жергілікті мүмкіндіктерді пайдаланған. Нидерланд патшалығы - Қазақстанға ең көп инвестиция әкелетін мемлекеттің бірі. Соңғы кезде олардың көңілін тек мұнай саласына ғана емес, өзге кешендерге де аударып отырмыз. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласына. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, өңдеу және экспортталанатын кәсіп түрлерін ашуды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ермек Көшербаев.

Нысан голландиялық инвестордың қаржысына тұрғызылды. Былтырдан бері жобаны жүзеге асыруға 20 миллиард теңгеден аса қаржы жаратылған. Тағы 10 миллиард теңгеге жылыжайды кеңейту жоспары бар. Жылына 5 мың тоннаға жуық сапалы өнім шығара алады. Қуаттылығы 2020-2021 жылдарға қарай жылына 14 мың тонна өнім беретін жағдайға жетеді.

«Аграрлық несие корпорация 2001 жылы жұмысын бастады. Мақсатымыз – агроөндіріктік кешендерді қаржыландыру. Кеңес береміз, қолдау білдіреміз, несиелендіреміз. ҚАзіргі жоба біздің серіктестеріміздің бірі. Қазақстандағы банк қаржыландырды, ал біз 5 млрд. 100 млн. теңгеге қорын жүйеледік, ал, «Қазақэкспорт» АҚ сақтандырды. Осындай үш қаржы институттарының бірігуімен осындай жоба жүзеге асты. Соңғы үш жылда аграрлық саладағы жобаларды 500 млрд. теңгеден астам қаржыға Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырды», - деді Аграрлық несие корпорация басқарушы директоры Гүлмира Ерғалиева.

«Green Capital Kazakhstan» ЖШС қазір 60 ақтөбелік пен голландиялық жұмыс жасайды. 2021 жылға қарай жұмыс орыны 260-қа дейін артуы мүмкін. ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ермек Көшербаев Ақтөбе өңірінің агроөнеркәсіптегі әлеуетін жоғары бағалады.  

«Агроөнеркәсіпте Ақтөбе облысының әлеуеті өте жоғары. Қазақстанда ет шығару, өңдеуде алда. Мысалы, «Актеп» ЖШС жаңа итезнологияларды пайдаланады. Өңір маңайындағы шаруаларды біріктіріп, соларға жағдай жасап отыр. Қазір Қытайға, Ресей мен Иранға отандық ауылшаруашылығы өнімдерін сатып жатыр», - деді ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ермек Көшербаев.

Өзгелердің жаңалығы