Жылыту маусымына дайындық барысында қазандықтардың 93% жөнделді

19 Қыркүйек 2019, 12:36
1975
Бөлісу:
Жылыту маусымына дайындық барысында қазандықтардың 93% жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы туралы баспасөз конференциясы өтті. 

Шараға энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов қатысты. 

"Алдағы күзгі-қысқы кезеңде ел тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтау үшін Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің 2019 жылға арналып бекітілген кестесіне сәйкес 11-ден 5 энергоблоктың жөндеуі аяқталды, бұл жылдық жоспардың 45% - ын құрайды, 63 қазандықтың 40-ы, бұл жылдық жоспардың 63% - ын құрайды, 46 турбинаның, бұл жылдық жоспардың 50% құрайды. Әр түрлі кезеңдерде 4 энергоблокта, 28 қазандықта, 18 турбинада жұмыстар жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Ағымдағы күнге электр беру желілері бойынша 21 мың км электр беру желілерін жөндеуі орындалды, бұл жыл жоспарының 84%-ын құрайды және 1152 қосалқы станциялары, бұл жыл жоспарының 92% - ын құрайды және 2966 РП, ТП, КТП, бұл жыл жоспарының 83%-ын құрайды.

Сонымен қатар, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету аймағындағы 459 қазандықтың 428-і жөнделді, бұл жоспардың 93%-ын құрайды.

Жалпы жөндеу жұмыстарын орындау кесте бойынша жүзеге асырылуда.

Электр станцияларының отын қоймаларында жалпы 4 млн тонна көмір және 101,9 мың тонна мазут жинақталған, бұл жалпы нормативтік қорына сәйкес келеді.

Энергия кәсіпорындарының отынды сатып алуы жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі. Отынды жеткізу кесте бойынша жүзеге асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы