Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде сақталды – Ұлттық банк

13 Тамыз 2019, 09:42
1864
Бөлісу:
Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде сақталды – Ұлттық банк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жеті айдағы инфляция деңгейінің динамикасы туралы айтты.  

«Биыл шілдеде айлық инфляция еліміздің 10,2% құрады. Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде сақталды. Жеміс, көкөніс бағасының маусымдық төмендеуіне байланысты жазғы кезеңге тән инфляциялық процесс байқалмады. Инфляция көп үлесі шілдедегі 8,7% жетуіне азық-түлік бағасының өсуі қосты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының қалыпты өсуі жылдық көрсеткіш бойынша 5,9% қарқынды көрсетіп отыр. Ақылы қызметтер бағасының серпіні минимумда сақталып отыр. Халықтың нақты ақшалай кірісінің өсуі аясында тұтынушылық сұраныстың кеңеюі инфляцияның жылдам өсунің негізгі тәуекелдері болып қалуда. Осыған орай үкіметтің инфляцияның өсуіне үлкен үлес қосқан тауарларға бағаның өсуін бақылау шараларын күшейтуді сұраймыз», - деді Досаев Үкімет отырысында. 

Министр 2019 жылы 15 шілдеде Ұлттық банктің базалық ставканы +, - 1 дәлізбен 9% деңгейінде сақтау шешімі қабылданғанын айтты. 

«Инфляциялық тәуекелдерді төмендету мақсатында Ұлттық банк ақша нарығындағы артық өтінімдікті алуда. Маусымда ақша нарығының ставкасын көтеру және қысқа мерзімді лоттардың мерзімін ұзарту шарасы қабылданды. Нәтижесінде былтыр 6-12 ай айналыс мерзімі бар лоттардың үлесі мамырдың соңында – 43%, шілденің соңында 75% дейін көтерілді. Айналыстағы лоттардың жалпы көлемі шілденің соңында 3 трлн теңгені құрады. Базалық ставка нарығындағы деңгейі және ақша кредит талаптары инфляцияны нысаналы 4-6% дәліз ішінде сақтауды қамтамасыз етеді. Алайда әлемдік нарықтағы тәуекел деңгейінің өсуімен және тұтынушылық сұраныс тарапынан проинфляциялық қысымның күшейуін ескере отырып Ұлттық банк жыл соңына дейін ақша-кредит саясатын қатаңдату шараларын қабылдауды жоққа шығармайды», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы