Жыл соңына дейін 89 млн тонна мұнай өндіріледі – Қанат Бозымбаев

20 Маусым 2019, 16:00
1863
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 89 млн тонна мұнай өндіріледі – Қанат Бозымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. Осы жылдың соңына дейін  89 млн тонна мұнай өндіріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев xалыққа есеп беру кездесуінде айтты.

«Жыл басынан бері бес айдың ішінде 36,5 миллион тонна мұнай өндірілді. Жедел жоспар 101%-ға орындалды. Үш ірі жоба бойынша 21,7 млн тонна мұнай өндірілді. Қашағанда - 4,24 млн тонна, Теңізде - 12,48 млн тонна Қарашығанақта - 4,97 млн тонна өндірілді. Биыл мұнай өндіру көлемі 89 млн тонна болады деп күтілуде. Бұл ретте Қашаған, Теңіз, Қарашығанақта жоспарланып отырған  күрделі жөндеу жұмыстары ескерілді.Қашағанда 14 сәуір мен 19 мамыр аралығында өндіріс толық тоқтаған болатын. Теңіз және жерүсті құрылыстарында техникалық жұмыстар жүргізілді. Жөндеу мерзімінен 10 бұрын аяқталды. Екі теңіз ұңғымасы ауыстырылды. Осыдан кейін өндіру көлемі тәулігіне 400 мың баррельге жетті. Біз негізі бұл рекордтық көрсеткішті жыл соңында бағындырамыз деп ойлағанбыз», - дейді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, биылғы дыл соңына дейін Қашағанның көлемде игеру стратегиясын айқындау қажет. 

«Қашағанның әлеуетін толығымен ашу үшін әріптестеріміз жыл соңына дейін кең көлемде игеру стратегиясын айқындау қажет. Жалпы, теңіздегі геологиялық барлауға инвестициялық қолайлы жағдай жасалды. Оның қатарында салық және преференциялық жеңілдіктер негізінде. Салық кодексіндегі жеңілдіктер аясында орта мерзімді перспективада Абай, Исатай, Жеңіс, Ақтоты, Теңіз жобалары жанданады деп күтілуде", - дейді министр.
Өзгелердің жаңалығы