Жыл соңына дейін 4,2 трлн теңгені игеру қажет – Смайылов

13 Қазан 2020, 11:12
1370
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 4,2 трлн теңгені игеру қажет – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн отырыс барысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімеді.

2020 жылға арналған макро көрсеткіштердің болжамын нақтылауы елдегі және әлемдегі жағдайды ескере отырып қалыптастырылды. Болжам өзгерістері нақты сектор өсімінің сақталуын және қызметтер саласының қалпына келуін қамтамасыз етуге бағытталған, - деп атап өтті премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Ол атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нақтылаудың негізгі міндеті – дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және індеттің таралуының екінші толқыны бойынша алдын алу шараларын қабылдау. 

Осы міндеттерді шешу үшін бюджет шығыстары ұлғайтылды. 

Осы жылдың соңына дейін медицина қызметкерлерінің алдындағы барлық міндет орындалады. Сонымен қатар, шығындарды ішкі оңтайландыру есебінен нақты секторды қолдауға арналған шығыстар ұлғайтылды. Парламент Мәжілісіне барлық материал бүгін енгізіледі, - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары атап өткендей, қаржы жылының аяқталуына дейін 55 жұмыс күні қалды. 

Нақтылауды ескере отырып, осы жылдың соңына дейін 4,2 трлн теңге игеру қажет. Кей шығыстар бойынша әлі күнге дейін конкурстар, рәсімдер аяқталмағанын көріп отырмыз. Жоспарланған бюджеттік бағдарламалардан басқа шұғыл мақсаттарға Үкімет резервінен қосымша 236 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі күні бар болғаны 111 млрд теңгесі ғана игерілді. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары бюджеттік бағдарламаларының тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз етіп, қаражаттың уақытылы игерілу мәселесін ерекше бақылауда ұстаулары қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы