Жыл соңына дейін 3 ай ғана уақыт қалды. Мамин әкімдерге тапсырма берді

13 Қазан 2020, 10:21
1697
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 3 ай ғана уақыт қалды. Мамин әкімдерге тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде биылғы жылдың 9 айғы көрсеткіші бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Осы ретте ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бюджеттің тиімді игерілуі бойынша тапсырма берді.

9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың негізгі салаларында өсім серпіні сақталып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,3%, оның ішінде фармацевтикада 39,8%, дайын метал бұйымдары өндірісінде 18,9%, машина жасауда 16,6%. Оның ішінде автомобиль жасау 51,6%, қағаз өнімдері 15,1% және жеңіл өнеркісіпті 14,1%. Құрылыс көлемі 10,5%-ға артты. Шамамен 9,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Яғни 9%-ға артты. Ауыл шаруашылығында 5%-ға тұрақты өсу қамтамасыз етілді. Тау-кен секторының маңызды бағыттары бойынша оң динамика сақталып отыр, - дед премьер-министр.

Маминнің айтуынша, ОПЕК+ келісімдерін орындау қажеттілігіне орай, өндірістің төмендігі байқалады. Қызметтер секторында қыркүйек айы бойынша тамызбен салыстырғанда нақты өсім байқалады. 

Сауда саласында 2,7%-ға өсті. Байланыс 1,3% және көлік пен қоймаға орналастыруда 1,2%. Қызметтер секторындағы өсім ШОБ қызметінің жанданғанын көрсетеді. Бұл жаңа жұмыс орындар, азаматтардың әл ауқатының жақсарғанын білдіреді. 

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы негізгі 7 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуін қамтамасыз етті. Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 4 көрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізді. Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары артта қалған өңірлердің қатарында. Олар мұнай-газ секторындағы өндірістің төмендеуіне байланысты артта қалған. Осы өңірлердің әкімдері жағдайды жақсарту үшін тиісті шараларды қабылдаулары керек, - деп аттап өтті премьер-министр Асқар Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы барлық өңір Мемлекет басшысының қойған міндеттерін тиімді іске асыруы үшін жұмысты жандандырулары қажет екенін айтты. 

Пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыстың елеулі әсеріне қарамастан Қазақстан экономикасы көрсеткіштерінің өскені байқалады. Бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты жыл соңына дейін бекітілген жоспарға 100% қол жеткізу керек. Қазіргідей жағдайда бюджет қаражатын игеру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары жылдың соңына дейін тиімді игеруді қамтамасыз етулері тиіс. Жыл соңына дейін 3 ай ғана уақыт қалды. Сондықтан барлық жобаны аяқтап, оларды орындауға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет, - деп атап өтті Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Осы ретте премьер-минитр Алихан Смаиловқа бақылауға алуды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы