Жыл соңына дейін 1400 павлодарлық қоныс тойын тойлайды – әкім

14 Қараша 2019, 12:42
1958
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 1400 павлодарлық қоныс тойын тойлайды – әкім
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында жыл басынан бері 178 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 11% жоғары. Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

Көп қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 272 отбасы пәтер кілтіне ие болды. Жыл соңына дейін тағы 1399 отбасы қоныс тойын тойлайды, – деді облыс басшысы.
Оның айтуынша, Павлодар қаласының әуежайы аумағында 55 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Ақсуда жеке компаниялардың есебінен көпбалалы отбасыларға арналған екі пәтерлік 28 үйдің құрылысы жүріп жатыр. 
 
Бақытты отбасы" бағдарламасы баспана алуға жаңа мүмкіндіктер сыйлап отыр. Облыс бойынша аталған бағдарламаға 158 отбасы қатысып үлгерді. Олардың 28-і көпбалалы отбасы, 30-ы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы және 100 отбасы толық емес отбасы. Жыл соңына дейін тағы 100-ге жуық отбасы жеңілдетілген займдар алатын болады, – деді Болат Бақауов. 
Сонымен қатар, биыл облыста мұғалімдерге, дәрігерлерге және полицейлерге "тұрғын үй сертификатын"  беру басталды.  
Президенттің тапсырмасы аясында әлеуметтік осал топтардың өкілдерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 1,2 млрд теңге бөлінді. 448 көпбалалы отбасы Екібастұз қаласынан және 70 отбасы Ақсу қаласынан пәтер кілттеріне ие болды, – деді әкім.

Бұған дейін өңір басшысы  Павлодар экономикасының 6,2 пайызға өскенін және  облыста аграрлық сала инвестициясы өсіп келе жатқанын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы