Жыл кітабы анықталды

<h3>Астана, baq.kz. Жыл сайынғы «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясының барысында оқылатын &nbsp;жыл кітабы анықталды. </h3>

5 Қаңтар 2019 2019, 11:09
 5 Қаңтар 2019 2019, 11:09
5 Қаңтар 2019 2019, 11:09
7492

Астана, baq.kz. Жыл сайынғы «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясының барысында оқылатын  жыл кітабы анықталды.

2018 жылдың соңына қарай 2019 жылы оқылатын «Бір ел – бір кітап» акциясына дауыс беру әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Аталған жобаны қорытындылау мақсатында республикадағы барлық кітапхана басшылары мен қызметкерлері және оқырмандарының қалауымен «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқу таңдап алынды. Сондай-ақ, акцияның шешімі республикалық акция комитеті мүшелерінің және өңірлерден келген кітапханалар басшыларының қатысуымен қабылданды.
Наверх