Жыл басынан ІІО-ның 44 қызметкері пара алу бойынша әшкереленді

18 Сәуір 2019, 13:59
2851
Бөлісу:
Жыл басынан ІІО-ның 44 қызметкері пара алу бойынша әшкереленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жалпы жыл басынан бері Ұлттық бюро пара алу фактісі бойынша ішкі істер органдарының 44 қызметкерін әшкереледі. 

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

Департамент директорының хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп ішкі істер жүйесіндегі адал емес қызметкерлерді анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Қарағанды қаласының полиция басқармасының патрульдік полиция полкының полицейі парақорлықта күдікті деп танылуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті облыстың полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Қарағанды қаласының полиция басқармасының патрульдік полиция полкы полицейінің парақорлық фактісі анықталды (полиция кіші сержанты). Ол көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін «Б» деген азаматтан 70 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда», - деді Арман Бердалин.

Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда.
Сонымен қатар, Арман Бердалин жыл басынан бері ішкі істер органдарының 44 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Жалпы жыл баснынан Ұлттық бюро пара алу фактісі бойынша ішкі істер органдарының 44 қызметкерін әшкереледі, олардың көпшілігі – ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметтерімен бірлесе. Кінәсін толық мойындауына байланысты 27 қызметкерге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Қазіргі таңда 20 тұлға сотқа берілді, 4 тұлға сотталды», - деді спикер.

Айта кетсек, «Қапшағай тұрғын-үй» ЖШС директоры пара алды деген күдікпен ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы