Жыл басынан бері ЖІӨ 2,9%-ға төмендеді

11 Тамыз 2020, 09:46
778
Бөлісу:
Жыл басынан бері ЖІӨ 2,9%-ға төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Жиын барыфсында министр 2020 жылғы қаңтар-шілде қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне тоқталды. 
Тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті, сонымен бірге көрсетілетін қызметтер 6,2%-ға қысқарды. Нәтижесінде жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім 2,9%-ға төмендеді. Жылдық инфляция 7,1% құрады. Бұл күтілген инфляция дәлізінен төмен, - деді министр. 
Сондай-ақ, ол, осы аралықта жағымды үрдістер байқалғанын да жеткізді. Әсіресе экономиканың нақты секторында өсім жалғасуда екен. Ең алдымен құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында. 

Сонымен қатар, ол карантиндік шектеулерге байланысты сервистік қызметтер көлемінің қысқаруы, сондай-ақ мұнай өндіру қарқынының жоспарлы төмендеуі байқалғанын және бұл экономиканың өсуін тежеуші фактор болып отырғанын айтты
Өндірістік секторда 2,1% өсім байқалады. Оның ішінде құрылыста – 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,8%, ауыл шаруашылығында – 2,5%. Сонымен бірге қызметтер секторы саласында төмендеу бар, оның ішінде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар - 4,3%, әкімшілік қызметтерді көрсету – 5,3%, сауда – 11,9% және көлік қызметтері – 15,6% төмендеді. Бұл ретте байланыс қызметтері 8,7%-ке артты, - деді Р. Дәленов. 
Осы жылғы маусыммен салыстырғанда шілде айында қызмет көрсетудің бірқатар салалсында өсім жалғасқан. 1 айда қаржылық және сақтандыру қызметі - 29%, тұру және тамақтану қызметі – 10,2%, деректер беру – 6,7%, ұялы байланыс – 4,1%, интернет желісі – 2,9%-ға өсті, сондай-ақ жүк айналымы – 5,6% өсті, оның ішінде темір жолмен -5,5%, құбырлармен тасымалдау – 2,9%.
Өзгелердің жаңалығы