Жыл басынан бері тұтынушылық даулар бойынша 916 арыз түскен

11 Қазан 2021, 13:12
1542
Бөлісу:
Жыл басынан бері тұтынушылық даулар бойынша 916 арыз түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, былтыр маусым айында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекет заңнамасына түзетулердің 1-топтамасы қабылданған. Алайда, құқықтық тәжірибе барысында жаңалықтарды жүзеге асыру кезінде, белгілі бір қиындықтар туындаған.

Тынысбековтың сөзінше, құқықтық практика барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың үш сатылы алгоритмінде проблемалар туындады. Дауларды сотқа дейін реттеудің алғашқы екі сатысынан өтіп жатқан қазақстандықтар бірден сотқа жүгінеді. Алайда, сот тәжірибесі көрсеткендей, тұтынушылар осы екі кезеңнен дәйекті түрде өтуі керек. Нәтижесінде тұтынушылардың талаптарын соттармен қайтару тәжірибесі қалыптасты.

2021 жылдың 5 айында тұтынушылық даулар бойынша соттарға 916 талап арыз түсті. Оның 37% сотқа дейінгі реттеуге 1 кезеңге қайтарылса, 26%-ы Комитеттің қарауына қайтарылды. Сонымен қатар, мемлекеттік орган бұл процеске тұтынушының жосықсыз кәсіпкерді жазалауды қалауын негізге ала отырып тартылуы тиіс, - деп атап өтті Асқар Станиславович.

Сондай-ақ ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілген тұтынушылық құқықтарды бұзу түрлері толық қамтылмағанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы