Бас жаңалықтар
Жыл басынан бері теңге тұрақты – Ақышев
12 Ақпан 2019, 10:33 576

Жыл басынан бері теңге тұрақты – Ақышев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ұлттық валюта тұрақты екенін мәлімдеді. 


«2019 жылғы қаңтарда айлық инфляция 0,5% болды. 14 қаңтарда ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 деңгейінде сақтады. Базалық мөлшерлеме деңгейі инфляцияның 4,6% жаңа дәлізде болуын қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері долларға теңге бағамының ұлғаюы байқалады. 8 ақпанда теңге бағамы 1,4% ұлғайып, бір доллар үшін 178,73 тиын болды», - деді Ақышев. 

Ұлттық банк төрағасы теңгенің нығаюуына көрші жатқан Ресейдегі рубльдің нығаюы ықпал етіп отырғанын айтты. 

«2018 жылы ұлттық валютамен ашылған депозиттер 4,5% өсті. Сондай-ақ, доллармен ашылған депозиттер 7% төмендеді. Депозиттерді долларландыру желтоқсан айының соңында 48% болды», - деді ол. 

Данияр Ақышевтың айтуынша кредит нарығы қалпына келтірілуде. 

«Кредит беру нарығы қалпына келуде. Өткен жылы жаңа кредиттер бәрі 24% немесе 2,16 трлн теңгеге өсті. Экономиканы несиелендірудің жылдық өсімі 7% немесе 884 млрд теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорындарға несие берудегі мөлшерлеме жыл басында 13,2%, желтоқсанда 11,7% дейін төқмендеді», - деді Ақышев.
Ақмарал ШАҒАТАЙ
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Сізден жаңалық