Жыл басынан бері тұрғындарға көші-қон бойынша 2 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

29 Наурыз 2019, 21:43
1960
Бөлісу:
Жыл басынан бері тұрғындарға көші-қон бойынша 2 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы шелдік азаматтардың көптеп келуіне қолайлы жағдай қалыптастырып отыр. Тек соңғы үш жылдың ішінде ішкі істер органдары еңбек мигранттарына Қазақстанда жеке тұлғаларда еңбек етуге 1,5 млн рұқсатнама беріп, оны ұзартқан. ҚР Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Еңбек мигранттарының саны әсіресе, көктемгі-жазғы кезеңдерде өсе түседі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бұл қызметтердің көрсету мерзімін қысқарту, жемқорлық тәуекелдерін жою және қолайлы жағдай жасау үшін құрылған Көші-қон қызметі орталықтарында еңбек мигранттарына рұқсатнама беру бойынша қызмет «бір терезе» қағидасымен ұсынылады. 

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Марат Қабденовтің айтуынша, бұрын мигранттар рұқсатнаманы рәсімдеу үшін апта бойы әртүрлі мекемелерді (Мемлекеттік кірістер департаментінде ЖСН жасау, медициналық анықтама алу, полиция бөлімдерінде фотосуретке түсу және дактилоскопиядан өту, мемлекеттік баж салығын төлеу, аударма және нотариалдық қызметтер) аралап жүретін. Ал қазір Көші-қон қызметі орталығында мұндай рұқсатнаманы бірнеше сағаттың ішінде рәсімдеуге болады. 

Осындай орталықтар құрудағы басты мақсат – елімізге келген шетелдіктерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жемқорлыққа итермелейтін жағдайларды жою, қызметті көрсету мерзімін қысқарту және келушілерге қолайлы жағдай жасау.

«Көші-қон қызметі орталығында шетелдік төлқұжат пен көші-қон карточкасын ұсыну арқылы медициналық тексеруден, дактиласкопиялаудан өтеді, сақтандыруды рәсімдеп, мемлекеттік баж салығын төлейді, содан соң оған жұмыс жасауға рұқсатнама рәсімделеді. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-мен бірге Көші-қон қызметі орталықтары еліміздің 14 өңірінде ашылды», - деп мәлімдеді Марат Қабденов.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ІІМ-де мемлекеттік әкімшіліктендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін кезергілерді азайту, мемлекеттік қызметтерді алу процестерін автоматтандыру және цифрландыруды қамтамасыз ету белсенділігі артырылды.
ІІМ тұрғындарға 40 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың көпшілігі көші-қон қызметіне (18) қатысты, қалғандары қару айналымы, пиротехникалық заттар мен бұйымдар, есірткі заттары, жол қозғалысын қадағалау, мұрағаттық құжаттардың көшірмесін беру, күзет қызметі, азаматтық қорғау және эксперттік-криминалистикалық қызметтер.

Өткен жылы ІІМ тұрғындарға 19,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде көші-қон желісі бойынша 16,5 млн Ал биылғы жылдың басында (қаңтар-ақпан) тұрғындарға 2 млн 777 мың мемлекеттік қызмет көрсетті.
Тұрғындар арасында мекенжай анықтамасы, автокөлікті тіркеу, ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, елімізге уақытша келген шетелдіктерді тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру сияқты қызметтер көп сұранысқа ие.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы