Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталды – Антикор

23 Шілде 2021, 12:50
2654
Бөлісу:
Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталды – Антикор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифинг барысында хабарлады. 

Агенттік тергеушісінің айтуы бойынша, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 874 сотқа дейінгі тергеуді тіркеген. Олардың ішінде 694 іс сотқа жөнелтіліпті. 

Көрсетілген қылмыстық істер бойынша 101 лауазымды тұлға ұсталды. 93 тұлғаға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді. Ал 25 тұлға үй қамағына алынды, - деді тергеуші Данияр Бекайдаров.  

Сондай-ақ биыл сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша барлығы 486 тұлға сотталған. 116 тұлға пара алғаны үшін, ал 211 адам пара бергені үшін жауапкершілікке тартылды. 12 адам делдалдық, 69 адам алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылса, 33 адам ұрлау, 32 – лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, 9 адам билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін жаза арқалады. 

141 адам бас бостандығынан айырылса, 47 адам шартты мерзім түрінде бас бостандығы шектелді. Қалған 8 адамның жазасын өтеу кейінге қалдырылған.

Өзгелердің жаңалығы