Жыл басынан бері карантинге қарамастан 2 мың той жасалған

28 Шілде 2021, 16:54
2322
Бөлісу:
Жыл басынан бері карантинге қарамастан 2 мың той жасалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бүгінде ішкі істер органдары денсаулық сақтау басқармасына карантин шараларын сақтау бойынша көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Көлік нысандарында санитарлық дәрігерлерге жолаушыларды іріктеуге көмек көрсетіледі. Жыл басынан бері шетелден 28 мыңға жуық ПТР-сынамасыз келген азамат карантинге жатқызылды. Мониторингтік топ мүшелерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері олар 144 мың рейдтік іс-шара өткізді. 22 мың карантинді бұзу дерегінің жолы кесілді, - деді Заппаров.
Оның айтуынша, ойын-сауық мекемелерінің жұмыс тәртібін бұзуға қатысты 8,5 мың дерек тіркелді.
Оның ішінде 2 мыңға жуығы той өткізуге қатысты болып отыр. Коронавирус індеті барлық салаға өзгеріс енгізді. Мемлекет басшысы жаппай вакцинациялау денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы вакцинация екенін атап өтті. Ішкі істер министрлігі Президент тапсырмасы бойынша осы індетке қатысты барлық қылмыстық көрініске назар аударады. Жалған ПТР мен вакцинация паспортына қатысты жұмысты күшейтіп жатырмыз, - деді ол.
Заппаров айтқандай, осы мәселеге қатысты ведомствоаралық комиссия құрылған.
Өзгелердің жаңалығы