Жыл басынан бері 900-ге жуық шетел азаматы жауапкершілікке тартылды

30 Сәуір 2019, 18:57
2314
Бөлісу:
Жыл басынан бері 900-ге жуық шетел азаматы жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон қызметі басқармасының мәліметіне сәйкес Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында жылдың басынан бері жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде көлік полицейлері 897 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жауапкершілікке тартылғандардың ішінде 794-і ТМД азаматы, ал 15-і алыс шетел азаматтары. 

Мәселен, Шу станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін 22 жастағы Ауғанстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабының 2-бөлігі, яғни шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ тұлғамен халықтың көшіп-қонуы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жоғарыда аталған азамат Шу аудандық сотының қаулысымен ел аумағынан тысқары шығарылды. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін 4 қылмыстық құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін - 1, ел аумағынан тысқары шығару туралы соттың шешімін орындамағаны үшін - 2 және мемлекеттік шекараны қасақана өткені үшін - 1. Бұған қоса, көлік полицейлерімен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 14 шетелдік азамат қабылдау-тарату орнына орналастырылды. 

81 шетел азаматы сот қаулысымен ел аумағынан шығарылды. 



Өзгелердің жаңалығы