Жыл басынан бері 81 адам суға батты

28 Мамыр 2019, 13:12
5007
Бөлісу:
Жыл басынан бері 81 адам суға батты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖК бөлімшелері полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде 107 қалалық және 500 жеке жағажай суға шомылу үшін белгіленген. Суға шомылуға тыйым салынған мыңнан астам орын белгіленген. Ол жерлерде 1510 ескерту белгілері және адамдардың қаза болу фактілері, себептері мее оған ықпал еткен жағдайлар жазылған 378 көрнекті стендтер орнатылған.

«Жазғы демалыс кезінде елімізде 12 960 балалар сауықтыру ұйымы жұмыс істейтін болады. Жыл басынан бері елімізде 81 адам суға батып кеткен. Оның 24-і қауіпсіздік ережелерін сақтамаған болса, 11 адам, оның ішінде 6 бала жүзуге тыйым салынған жерлерде суға түскен, 19 бала ата-ананың қарауынсыз суға түскен», - дейді Юрий Ильин.

Жеке жағажайларда кезекшілік ету үшін ТКШ бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушы-жасақшылар есебінен 114 объектілік құтқару бекеті құрылды. Су айдындарының қауіпті және қорғалмайтын учаскелерінде (табиғи жағажайлар) жедел-құтқару жасақтары қосымша 53 мобильді құтқару бекеттерінің кезекшілігін ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы