Бас жаңалықтар
Жыл басынан бері 589,7 мың жолаушы тасымалданған – Қызылорда облысы
31 Шілде 2021, 05:15 407

Жыл басынан бері 589,7 мың жолаушы тасымалданған – Қызылорда облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қызылорда аймағында темір жол көлігі арқылы 589,7 мың жолаушы тасымалданған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында облыстық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Әбсұлтанов баяндады.

Аймақ орталығынан 5 бағытқа жолаушылар пойызы ұйымдастырылса, облыс аумағынан жүретін пойыз саны 19 жұпты құрайды. Бүгінде 9 жұп пойызы коронавирус пандемиясына байланысты өз жұмыстарын уақытша тоқтатқан. Оның 7-уі халықаралық, 1-еуі облысаралық, 1-еуі қаламаңы бағытына қатынайтындар.

Облысаралық тұрақты маршруттардың уақытша тоқтатылуы жолаушылар ағымының төменгі көрсеткіш көрсетуіне әсер етуде. Дегенмен жыл басынан бері өңіріміздегі 8 темір жол вокзалы арқылы қалған бағыттағы көлік құралдары 600 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп, діттеген жеріне жеткізген.

Сондай-ақ өңірде 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 қоғамдық көлік бар. Олар аймақтағы 3 автовокзал және 8 автобекет арқылы қызметтерін жүзеге асыруда.

Айта кету керек, 1 тамыз – еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға септігі мол, экономикамыздың негізгі локомативі саналатын көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...