Бас жаңалықтар
Қазақстан жыл басынан бері 4 млн тоннаға жуық астық экспорттады
24 Қыркүйек 2020, 21:37 70

Қазақстан жыл басынан бері 4 млн тоннаға жуық астық экспорттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан астығының негізгі көлемі Өзбекстанға, Ресейге, Тәжікстанға және Қытайға, сонымен қатар, астық Ауғанстан, Украина, Иран, Қырғызстан және Түркіменстанға да экспортталады.

Астықты өндірушілер нарық жағдайына, қалыптасқан байланыстарға және бағаға қатысты ұсыныстарына сәйкес өздері үшін тиімді нарықтарды дербес анықтайды. Еліміздің темір жолдарында жалпы 9100-ден астам астық тасығыш болса, оның 8600-і қазір жұмыс жағдайында.

Астық тасығыш вагондардың негізгі операторы – «Астық Транс» АҚ. Ұлттық жүк тасымалдаушы – «ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС.

«Астық Транс» АҚ астық тасымалдауды ұйымдастыру үшін «Русагротранс» меншігіндегі астық тасығыштардың 1300 бірлігін қосымша тартуды жоспарлап отыр.

Жаңа егіннің астығын тасымалдау мәселелерін жедел шешу үшін 2020 жылғы 1 қазаннан бастап «ҚТЖ» ҰК АҚ жанында астық тасымалдауды жедел шешуді қамтамасыз жөніндегі штаб жұмысқа кіріседі. Астық тиеу жүріп жатқан жол бөлімшелерінде жедел астық топтарының тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылды. Астық топтары мен штабтардың жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...