Жыл басынан бері 37 допинг ережесін бұзу фактісі анықталған

19 Қараша 2019, 10:54
6308
Бөлісу:
Жыл басынан бері 37 допинг ережесін бұзу фактісі анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың он айында Қазақстанда допингке қарсы ережелерді бұзудың 37 оң оқиғасы анықталған. 

Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов мәлімдеді.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. 


Заң жобасы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуге бағытталған. Қазіргі уақытта допингті қолдану әлемдік спорттық қозғалыстағы ең өзекті мәселе болып отыр. Жыл сайын Ұлттық допингке қарсы орталық 3000 биопроба алады. 2010 жылдан бастап қазақстандық спортшылардың допингті қолдануының 307 оқиғасы анықталды. 2019 жылдың 10 айында допингке қарсы ережелерді бұзудың 37 оң оқиғасы анықталды, - деп айтты Рамазанов.

Вице-министр допингті қолдануды жою жөніндегі жағдайды талдай отырып әлемдік спорттық аренасында, оның ішінде олимпиада ойындарында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында заңнамалық деңгейде допингке қарсы іс-шараларды күшейту жөнінде шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы