Бас жаңалықтар
Жыл басынан бері 33 500 отандық автокөлік шығарылды
22 Қазан 2019, 12:25 333

Жыл басынан бері 33 500 отандық автокөлік шығарылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралғында елімізде жалпы құны 229 млрд теңгені құрайтын 33,5 мың автокөлік құралы өндірілді.

Бұл туралы "Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян брифинг кезінде айтты. 

Оның айтуынша, елімізде автокөлік құралдарын шығару көлемі өткен жылғыға қарағанда 47,5% жоғары. Мәселен, жеңіл автокөлік шығару 41,2% өсіп, 29846 бірлікке жеткен. Автобус шығару 3,5 есеге көбейген, ал жүк көліктер өндірісі 2,7 есеге артқан. Сондай-ақ, биыл 613 бірлік тіркеме шығарылған. Ал арнайы мамандандырылған автотехника шығару 137 бірліктен 60-қа дейін төмендеген. 

"ҚазАвтоПром кәсіпорындарының нарықтық үлесі 51,3% өсті, яғни елімізде сатылған жаңа автокөліктің басым көпшілігін отандық өнім құрады. Тұрғындар отандық автокөліктерді сатып алуға жұмсаған шығыны 208,6 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 73,7% жоғары", - дейді Артур Мискарян.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда шығарылған автокөліктер сегментінде "Азия авто"  көш бастап тұрғанын айтты. Олар жыл басынан бері 14 909 көлік сатқан. Одан кейін 13 157 көлік сатқан "СарыарқаАвтоПром" ЖШС тұр. 

"2019 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің ең қажетті бестігіне Lada, Hyundai, KIA, Ravon, Shkoda брендтері кіріп отыр. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалар қатарына сондай-ақ  JAC, Chevrolet, Peugeot еніп отыр", - деді ол. 
Соңғы тоғыз ай ішінде 2701 автокөлік мемлекеттік жеңілдетілен бағдарлама бойынша сатылған.

Фото: автордан
Загрузка...