Жыл басынан бері 300-ден аса адам суға кетіп қайтыс болған – ТЖМ өкілі

29 Шілде 2021, 14:58
1379
Бөлісу:
Жыл басынан бері 300-ден аса адам суға кетіп қайтыс болған  – ТЖМ өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов хабарлады. Ведомство басшысы шомылу маусымында адамдарды аса сақ болуға шақырып отыр.

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылды. 312 адам суға кетті, оның ішінде 109 бала суға батып, қайтыс болды. Мұның себептері өз күштерін дұрыс бағаламау, су қоймаларына құлау, мас күйінде шомылу, жүзе алмау, балық аулау кезінде, суға батушыны құтқару кезінде, жүзу құралдарында сырғанау кезінде ережелерді бұзу болды, - деп атап өтті комитет төрағасы Бауыржан Сыздықов.

Оның айтуынша, 233 адам, оның ішінде 70 бала суға батып, қайтыс болды. Адамдардың қаза болуы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының су айдындарында тіркеліпті. Ал шомылу маусымы басталғалы 219 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылған көрінеді.

Еліміз бойынша шомылуға рұқсат етілген 515 орын анықталған. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы