Жыл басынан бері 3 мыңға жуық қандас азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алған

13 Қыркүйек 2021, 11:09
16541
Бөлісу:
Жыл басынан бері 3 мыңға жуық қандас азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүлі брифингте айтты.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтығын алу рәсімін жеңілдетіп, мерзімдерін қысқартты. Естеріңізге сала кетейін, биылғы 1 қаңтардан бастап қандастарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығына қабылдауға бір мезгілде құжаттар тапсыру мүмкіндігі заңды түрде енгізілді, - деді ол.

Нұрділдә Ораз атағандай, бұрын олар бұл процедуралардан бөлек өтетін, ал тұрақты тұру рәсімі 2 айға созылатын.

Содан кейін бір ай ішінде тұруға ықтиярхат дайындалды, содан кейін ғана Қазақстан азаматтығына қабылдау үшін құжаттар тапсыруға болатын еді. Оны қарау мерзімі 3 айды құрайтын. Қазір барлық үш кезең бір уақытта өтеді. Жыл басынан бері 3 мыңға жуық отандас Қазақстан Республикасының азаматтығына осындай тәртіппен қабылданды, - деді ол.

Ресми өкіл атағандай, қазіргі уақытта осы мысал бойынша қандас куәлігін беруден бастап, отандастарды азаматтыққа қабылдауға дейінгі іс-шараларға тартылған барлық мемлекеттік органдар жұмысының бірыңғай алгоритмі енгізіліп жатыр.

Нәтижесінде олар әр мемлекеттік органға жеке-жеке емес, тек бір рет Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді, құжаттар тізімі де екі есеге қысқарды, барлық кезеңнен өту мерзімі 90 күнді құрайды. Материалдарды барлық мемлекеттік орган қазіргідей кезек бойынша емес, бір мезгілде қарайды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы