Бас жаңалықтар
Жыл басынан бері 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған
30 Маусым 2020, 22:14 81

Жыл басынан бері 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында қазіргі кезде "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 11 326 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 5663 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы екі қолға бір жұмыс тапқан.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа тұрған 5663 адамның 30%-і немесе 1699 адам - жұмыссыздар қатарындағы жастар, 8,5% немесе 472 адам – аз қамтылғандар, 2,2% немесе 124 адам – мүгедектер - делінген облыс баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жалпы бүгінгі күні облыс бойынша "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 899 жоба жүзеге асырылуда, бұл жоспарланған 977 жобаның 92% құрайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...