Жыл басынан бергі сыртқы сауда 42,5 млрд долларды құрады

11 Тамыз 2020, 10:06
1402
Бөлісу:
Жыл басынан бергі сыртқы сауда 42,5 млрд долларды құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың қаңтар-маусым аралығында сыртқы сауда  42,5 млрд долларды құрады. Экспорт – 26 млрд доллар, импорт – 16,5 млрд долларды құрады. Сауда балансының оң сальдосы – 9,5 млрд доллар деңгейінде сақталды. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісі – 1,3%-ке өскен, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 3,8% ұлғайған, мұнай өндіру қарынының жоспарлы төмендеуі нәтижесінде тау-кен өнімін өндіру өнеркәсібі  – 0,4%-ке төмендепті. 
Өнеркәсіп бойынша өсім көптеген өңірлерде байқалды. Ең көп өсімді Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы көрсетті. Бес өңірде төмендеу тіркелді. Бұл – Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және шымкент қаласы,-деді Дәленов. 
Министр баяндамасында сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі озық қарқынмен өсіп жатқанын жеткізді. Бұл саладағы өсім – 3,8%  құраған. Өсім негізінен фармацефтиканың – 23,2%-ке, дайын метал бұйымын өндірудің – 18,6%, машина жасаудың – 13,9%, жеңіл өнеркәсіптің – 7,3%  өсуімен қамтамасыз етілген. Өңірлер бойынша Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалған. Сондай-ақ төрт өңірде төмендеу тіркелген, олар Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы. 
Негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңір өсім көрсетті, ең жоғарғы өсім Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және шымкент қаласында байқалады,-деді министр.
Өзгелердің жаңалығы