Жыл басталғалы Маңғыстау өңірінде 62 баланы ит қапқан

26 Мамыр 2020, 05:31
1320
Бөлісу:
Жыл басталғалы Маңғыстау өңірінде 62 баланы ит қапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басталғалы Маңғыстау өңірінде 62 баланы ит қауып алған. Соңғы жағдай Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыл тұрғынының иті 12 жасар баланың аяғын бірнеше жерінен тістеген. Жарақат алған балаға шұғыл түрде ота жасалып, құтыруға қарсы вакцина салынған. Осы оқиғадан соң баланың ата-анасы шұғыл медициналық көмекке жүгінді.

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ит қауып алған науқасқа барлық тиісті ем-дом жасалды. Оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Жыл басынан бері ит қабу дерегі бойынша 62 бала медициналық көмекке жүгінген болса, өткен 2019 жылы осындай 143 жағдай болған. Маңғыстау облыстық шұғыл медициналық жәрдем станциясына осындай дерекпен Мұнайлы ауданының Басқұдық және Атамекен ауылдары, сондай-ақ Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын-Шапағатов ауылдарынан жиі хабарласады, - делінген Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы