Жүзуден Ресей чемпионаты: қазақстандық Дмитрий Баландин финалға шықты

7 Сәуір 2021, 01:42
1527
Бөлісу:
Жүзуден Ресей чемпионаты: қазақстандық Дмитрий Баландин финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанда Ресей чемпионатының ерлер арасында 200 м қашықтық бойынша брасс әдісімен жүзуден жартылай финалдық сын аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған қашықтық бойынша Қазақстан командасының лидері Дмитрий Баландин қатысты. Тиісті қашықтықты 2:08.42 уақытта бағындырып, финалға жолдама алды.

Айта кетерлігі, бұл Баландиннің үшінші финалы болып саналады. Осыған дейін ол 50 м қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша жетінші, 100 м қашықтықта төртінші болған еді.

Финал ертең, 7 сәуір күні өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы