Жүзенов полиция қатарынан шыққан танымал спортшылар туралы айтты

12 Қазан 2021, 12:37
3658
Бөлісу:
Жүзенов полиция қатарынан шыққан танымал спортшылар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің арнайы даярлық және мобилизациялық басқармасының бастығы Шоқан Жүзенов департаментте өткен брифингте айтты.

Жеке құрам арасында салауатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында «Динамо» ФСО-мен бірлесіп мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған спартакиадалар өткіземіз. Осы жылы біз 11 жарысты 3 спорт түрі және 8 қызметтік-қолданбалы спорт бойынша өткіздік, - деді ол.

Ол атағандай, кешкі уақытта спорт әуесқойлары үшін «Қуат» спорт кешенінің базасында футбол, күрес, қоян-қолтық ұрыс секциялары бар, тренажер залы ұсынылады.

Біздің қатарымызда атақты спортшылар аз емес. Мысалы, бокстан еңбек сіңірген спорт шебері Ләззат Күнгейбаева (республиканың 10 дүркін чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы, 2016 жылғы әлем чемпионы), дзюдо, самбо, Қазақ күресі және белбеу күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Қожабаев (құқық қорғау құрылымдары арасында 3 дүркін әлем чемпионы, белбеу күресінен Азия чемпионы), дзюдодан спорт шебері Асхат Елубаев (республиканың 3 дүркін чемпионы, 2002 жылғы Азия және әлем чемпионы), дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері жекпе-жек, жауынгерлік джиу-джитсу және жауынгерлік самбо күресінен Қасым Әнуарбек (жекпе-жектен бірнеше дүркін республика чемпионы, самбо күресінен спорт шеберлері Нұрлан Тұрғанбаев, Теміржан Басақаев және Айдос Абдоллаұлы, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы