Бас жаңалықтар
Журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды
06 Қыркүйек 2021, 17:07 118

Журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігінің» тұсаукесері өтті, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.


Іс-шараның қонақтары Парламент депутаттары, іскерлік, қоғамдық, ғылыми және мәдени топтардың өкілдері, журналистер, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік БАҚ басшылары болды.

«СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігінің» Отандық БАҚ материалдарының мониторингі негізінде білікті лингвистердің, тәжірибелі журналистер мен кәсіби редакторлардың қатысуымен әзірленді. Жоба авторлары еліміздің ақпараттық кеңістігінде мемлекеттік тілде жиі кездесетін қателіктерді анықтады, жіктеді және талдады.

 

Нәтижесінде қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс пайдаланбаудың нақты мысалдары бар, сондай-ақ жалпы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер сөздігі жасалды. Онда сөздер мен сөйлемдердің дұрыс нұсқасын қолдану бойынша ұсыныстар берілген.



Айта кету керек, бұл - осы бағыттағы алғашқы ауқымды жоба.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...