Бас жаңалықтар
Журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
22 Мамыр 2020, 11:33 74

Журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Мәжіліс заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастайды.

Елімізде орын алған карантин режимі Мәжіліс депутаттарының жұмыс нысанын өзгерткенімен, оның мазмұнына әсер еткен жоқ. Осы тұрғыда маңызды заң жобаларын талқылау, халықты толғандыратын мәселелер бойынша әзірленген депутаттық сауалдар бұрынғыдай жүйелі түрде журналистерге ұсынылуда.

Сондықтан биыл да БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Мәжіліс "Парламент сөзі" сыйлығының жеңімпаздарын анықтайтын болады.
Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған.

Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2019 жылдың 3 қыркүйегі мен 2020 жылдың 15 маусымы аралығында
жазылған және жарық көрген материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейне-материалдар бойынша анықталады. Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады, - делінген хабарламада.
Өтінімдер 2020 жылдың 22 маусымына дейін қабылданады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің www.parlam.kz ресми сайтынан алуға болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...