Журналистер мерекесі енші алғанына қуаныштымын - Оңайгүл Тұржан

28 Маусым 2019, 20:44
1610
Бөлісу:
Журналистер мерекесі енші алғанына қуаныштымын - Оңайгүл Тұржан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Үркер" сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімінде филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия универсиетінің доценті Оңайгүл Тұржан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналистер мәртебесіне байланысты пікір білдірді.

"Журналистиканың жеке төл мерекесінің белгіленуі бұл баяғыдан күткен оқиға. Өйткені журналистика ақпарат заманында ең маңызды дүниеге айналды. Бүкіл әлем құлағын ақпаратқа тосып отырады. Сол ақпарат арқылы өмір сүреміз десек те болады. Қуанышымыз да, кейбір ренішіміз де, тілектеріміз де, өміріміздің барлығы ақпаратпен байланысты болып кетті. Ал ақпаратты жасайтын - журналистер. Журналистердің мерекесі жеке енші алып шығуы қуанышты жағдай",  - деп айтты Тұржан.

ЕҰУ-да Журналистика және саясаттану факультеті студенттеріне сабақ беретін ол жас журналистерге сәттілік тіледі.

"Жас адамдар бәлкім біздің кезімізде жасаған қырларын, өзіндік ерекшелігін бүгінгі күні өз ерекшелігімен жасап жатыр. Кейде тілді онша білмейді екен. Кейде "әттең-ай" деп қаламыз. Оның барлығы тәжірибемен келеді. Қазіргі мықты журналистердің бәрі мықты боп кеткен жоқ. Қиын жоддармен сүрініп, аяққа тұрады. Сол сияқты жас журналист үйрене жүріп, басқаларға үйретіп қалыптасады. Сондықтан жас журналистердің қатары артуына тілектеспіз", - деді.

Өзгелердің жаңалығы