Журналистер арасында конкурс жарияланды

12 Ақпан 2020, 22:49
1713
Бөлісу:
Журналистер арасында конкурс жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына Қазақстанның қосатын үлесі туралы жазатын журналистер арасында шығармашылық конкурс жарияланды.

Конкурс 5 аталым бойынша өтеді. Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов "ТДМ - 2030: тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге Қазақстанның қосар үлесі" атты 5 номинация бойынша республикалық медиа-байқауға тоқталды.
Конкурсқа қатысу шарттары www.greenkaz.org сайтында. 2019 жылы конкурс келесі номинациялар бойынша өтті: 1) баспа басылымдарындағы үздік мақалалар (газеттер, журналдар); 2) "ТВ-дағы үздік сюжет" 3) "ТВ-дағы үздік бағдарлама" 4) Үздік радио-сюжет/ бағдарлама аталымы бойынша 5) "Интернет-БАҚ-тағы үздік мақала номинациясы, - деді "Жасыл экономиканы" қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов ОКҚ брифинг барасында.

Бұдан бөлек спикер еліміздегі эколог мамандар және жасыл экономикасының көшбасшылары туралы кітап шығару конкурсын атап өтті.
"GREEN AWARDS KAZAKHSTAN" Қазақстанның экологиялық қызметінің және жасыл экономикасының көшбасшылары туралы кітап шығару конкурсы. Конкурс Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналды. Конкурстың қортындысы бойынша "Қазақстанның экологиялық көшбасшылары және тұрақты даму" электронды кітабы әзірленеді. КАПУР конкурсының қосалқы ұйымдастырушысы – Қазақстанның тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылар ассоциациясы, - деді Асхат Сүлейменов.

Конкурс 10 номинация бойынша өтеді: Экологиялық қоғамдық қайраткерлері. "Жасыл" кәсіпкерлер. Жаңа "жасыл" салалардың стартаперлері (алғашқы бастаушылар). Экологиялық өнеркәсіпшілер. "Жасыл" инноваторлар. Экологиялық білім берудің және ағартудың көшбасшылары. Экологиялық ауыл көшбасшылары. Орман шаруашылығы және бақша шаруашылығы көшбасшылары. Циркулярлық экономика көшбасшылары. Тұрақты энергетика көшбасшылары.




Өзгелердің жаңалығы