Бас жаңалықтар
Журналист Михаил Дорофеев өмірден өтті
30 Қаңтар 2021, 17:40 733

Журналист Михаил Дорофеев өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін іnformburo.kz ақпараттық-аналитикалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды. 

Бұл туралы Бағдат Қожахметов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қазақстандық журналистика бүгін орны толмас шығынға ұшырады. Михаил Дорофеев, - деп жазды ол.

Михаил Дорофеев Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен тәжірибеге ие журналист болған еді. Ол Атырау облысының жергілікті БАҚ-да, одан кейін республикалық БАҚ-да, КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде жұмыс істеді. 

Республикалық телеарналарда менеджерлік қызметтер атқарды, оның ішінде «Астана қаласының теледидары» ЖШС Бас директоры және «Телекомпания «Эра» ЖШС бас продюсері болды.

Ол әр жылдары «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» («Qazaqstan», «Астана-ТВ»), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» («Хабар») телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болды. Михаил Дорофеев Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты (2018 жыл), Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

2015 жылдан бастап іnformburo.kz ақпараттық-талдау интернет-порталының бас редакторы болып жұмыс істеді сонымен қатар, 31 арнадағы «Информбюро» бағдарламасының бас редакторы болды.

BAQ.KZ ақпараттық агенттігі марқұмның туыстарына көңіл айтады.


Фото: дереккөз
Загрузка...