Журналист Қазис Тоғызбаев қайтыс болды

28 Ақпан 2021, 17:26
1266
Бөлісу:
Журналист Қазис Тоғызбаев қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 ақпанда Қазис Тоғызбаев 72 жасында Алматыдағы коронавирус ауруханасында қайтыс болды. 

Біздің Қазеке, Қазис Қабдышұлы бізді тастап кетті...Жақында ғана хабар алысқан болатынбыз. Одан коронавирус анықталып, ауруханаға жатқызылған. Кейін ауруханадан шыққан еді. Бәрі жақсы болған еді ғой... Қалайша? Жатқан жерің жайлы болсын... Нағыз полковник еді...Қош болыңыз..., - деп жазды Нәзира Дәрімбет Facebook-тегі парақшасында. 
Ол 2008 жылдың қыркүйегінен бері Азаттық радиосының қазақ қызметінде тілші ретінде жұмыс істеді.

Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев әскери қызметінен соң журналистикаға, фотографияға бет бұрды.  "Сөз" және "Азат" газеттерінде қызмет етті. kub.info сайтында блог жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы