Жұмыстарды жылдам аяқтап, іске асыруға кірісу керек – Мамин

27 Қазан 2020, 09:51
1777
Бөлісу:
Жұмыстарды жылдам аяқтап, іске асыруға кірісу керек – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері» тақырыбындағы Үкіметтің онлайн отырысында айтты.

Сумен жабдықтау және су құбырлары мәселелері - Үкіметтің стратегиялық міндеті. Сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Елде орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда 97,2%, ауылдарда 86,4%-ды құрайды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға қарай халықтың 100%-ы сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі. Осының арқасында халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесін толығымен шешеміз, - деді Үкімет басшысы.

Сумен жабдықтау мәселесінің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әр әкімдіктің елді мекендерге, соның ішінде тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылым жеткізу бойынша нақты жоспарлары болуы керек екенін айтты.

Топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасауды ауылдардың шекарасына дейін жеткізу керек. Бұл жұмыс елді мекендер ішінде үйлесімді жүруі керек. Жауапты министрліктер мен әкімдіктер, бірінші кезекте6 артта қалған өңірлер осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын, - деп Мамин тапсырма берді.

Сонымен қатар ол кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғыртау жұмысы да маңызды екенін алға тартты.

Бұл мәселені шешудің жолдары бар. Қаржыландыру көздері анықталды. Сонымен қатар жобалау құжаттамасы дайындалып жатыр. Осы жұмыстарды жылдам аяқтап, іске асыруға кірісу керек, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларды қолдауға болатынын сөз етті.

Индустрия министрлігіне әкімдермен бірлесіп, осы жұмыстың қорытындысы бойынша қалалар мен ауылдарды орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Ал Экология министрлігіне топтық су құбырларын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдап, оларды салу және реконструкциялау жобаларын уақытылы іске асыруды қамтамасыз етсін, - деп Асқар Мамин екі министрлікке тапсырма берді.

Сондай-ақ 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін жобаның құрылысын аяқтау қажет екенін айтты.

Индустрия, Ұлттық экономика, Қаржы, Экология, Денсаулық сақтау министрліктері халық үшін тарифтердің артуына жол бермеу үшін кәріздік жұмыстарын реконструкциялау жобаларын іске асыру үшін заң жүзінде бекітуді қамтамыз етсін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы