Елімізде 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған

29 Қыркүйек 2020, 16:49
1391
Бөлісу:
Елімізде 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың екінші жартысында 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған. 

Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Оған себеп - кәсіпорын жұмысының тоқтауы, банкортқа ұшырауы және кәсіпкерлік субъектілерінің жабылуы. Бұл көрсеткіш ішінде тек 8 пайыздан астамы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан.

Жалпы елдегі жұмыссыздар саны 454 мың адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы, Алматы және Түркістан облыстарына тиесілі. Алматы қаласындағы жұмыссыздар саны - 54 мың. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 7,3 пайызға артық.

Алматы облысында 49,4 мың, Түркістан облысында 42,3 мың адам тіркелген. Мұнда да өткен жылғымен салыстырғанда өсім бар. 

Жұмыссыздықтың себебі әртүрлі. Мысалы, 109,6 мың адам екі қолға бір күрек таба алмай жүрсе, 97 мыңнан астам адам жұмыстан өз еркімен шыққан.

Өзгелердің жаңалығы