Жұмыссыз жүргендер арасында әйелдер саны басым

27 Наурыз 2021, 07:43
1938
Бөлісу:
Жұмыссыз жүргендер арасында әйелдер саны басым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Қазақстан экономикасының әр түрлі саласында 8,7 млн адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 65,9% жұмыспен қамтылған. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Мәлім етілгендей, еңбек ететін 8,7 млн халықтың жартысынан көбі, яғни 51,8% (4,5 млн адам) – ерлер, 48,2% (4,2 млн адам) – әйелдер. 

2020 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,7 млн адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халық санынан 76,6% болды. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2 млн адамды немесе 23,4% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі – 90,3% (2019 жылы – 91,1%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар 9,7% (2019 жылы – 8,9%) болды. 

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады, ерлер арасында – 4,4%, әйелдер арасында – 5,4%. 

15-28 жастағы жастар арасында жұмыссыздық – 3,8%. 

Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша, 141,8 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Бұл елдегі жұмыс күшінің 1,5% (2019 жылы – 1,1%) құрайды.


Өзгелердің жаңалығы