Жұмыс істейтін жастарға баспана: 4,8 мыңнан астам адам өтінім берді

22 Қараша 2021, 21:06
657
Бөлісу:
Жұмыс істейтін жастарға баспана: 4,8 мыңнан астам адам өтінім берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін 4,8 мыңнан астам адам өтінім берді.

Ертең, 23 қарашада Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығынсыз жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім берген азаматтардың жетіспейтін құжаттарды енгізуге немесе өтінімді жеке кабинетте толықтыруына мүмкіндігі бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 22 қарашада бағдарламаға қатысушылардың телефон нөмірлеріне qatysu.zhilfond.kz. өтінімнің мәртебесі туралы смс-хабарламалар жіберілді:

«Қатысуға жіберілді»;

«Түзету қажет»;

«Бас тартылды».

«Қатысуға жіберілді» хабарламасы бойынша қатысушы құжаттардың толық тізбесін қоса бергенін және бағдарлама шарттарына сәйкес келетінін білдіреді. Оған балдар бойынша іріктеу нәтижелерін күту ғана қажет, бірақ қаласаңыз, qatysu.zhilfond.kz порталдағы жеке кабинетте өз өтініміңізді толықтыра аласыз.

«Түзету қажет» дегеніміз құжаттардың толық емес тізбесі берілгенін және қатысушыға құжаттарды толықтыру қажет екенін білдіреді. Порталдағы жеке кабинетте модератордың түсініктемелерін көруге және қандай құжаттарды ұсыну керектігін білуге болады. Өтінімді 2021 жылғы 23 қарашада сағат 9.00-ден 23:59-ға дейін түзету қажет.

«Бас тартылды» қатысушы бағдарлама шарттарына сәйкес келмейтіндігін білдіреді. «Бас тартылған» мәртебесі бар үміткерлер өтінімді өңдей алмайды және қосымша құжаттарды ұсына алмайды.

Порталдағы жеке кабинетке кіру мүмкіндігі 2021 жылғы 22 қарашада мүмкін болады (ешқандай өзгеріс енгізе алмайсыз) және қажет болған жағдайда құжаттарды толықтыру үшін 2021 жылғы 23 қарашада өтінімді өңдеуге рұқсат ашылады. Көрсетілген күндері жеке кабинетке шексіз кіруге болады, бірақ файлдарды салуға және ЭЦҚ кілтімен тек 1 рет қол қоюға болады.

Айта кетейік, биыл бағдарламаға қатысуға 4863 адам өтініш берді.

Өзгелердің жаңалығы