Бас жаңалықтар
Жұмыртқа мен күнбағыс майы не себепті қымбаттап кетті?
10 Наурыз 2021, 18:23 278

Жұмыртқа мен күнбағыс майы не себепті қымбаттап кетті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздегі жұмыртқа мен күнбағыс майының қымбаттау себебін түсіндірді.

34 ірі құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері анықталды.

Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа құнының өсуі+11,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1,4%-ға төмендеу байқалды). Өңірлерде тауық жұмыртқасы Семей қаласында - 22,4%, Өскемен - 21,6 %, Қостанай - 16,5%, Жезқазған - 15%, Алматы - 13,4%, Ақтау - 13,3%, Павлодар - 13,7%, Орал - 11,8%, Алматы - 13,4%, Талдықорғанда - 12,3%-ға қымбаттады, - делінген хабарламада.
Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 13 тауық жұмыртқасын өндірушіге (Шымкент қаласы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау облыстары) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілген.

Хабарлама кәсіпкерлік бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.

Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне бірқатар фактор әсер еткен. Бұл құс тұмауының өршуі және құс басының 15 -ға қысқаруы, азық құнының 150%-ға артуы, - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде құс фабрикалары «Адель-кус» ЖШС, «Алекри» ЖШС, «Алсад» ЖШС, «Алель Агро» ЖШС, «Агроинтерптица» ЖШС. «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС, «Сары-Бұлақ» ЖШС және «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС құстардың өліміне байланысты тауық жұмыртқасын өндірмейді.

Жыл басынан бері екі ай ішінде күнбағыс майы құнының өсуі 6,7%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 0,3%-ға төмендеуі байқалды). Өңірлерде ең көп күнбағыс майы Шымкент қаласында – 14,6%, Атырау - 12,8%, Орал - 12,9%, Семей - 11,8%, Ақтөбе - 9,7%, Талдықорған - 9,6%, Тараз - 8,6%, Жезқазған - 7,9%, Қарағанды - 7,8%, Өскемен - 7,6%, Петропавл - 7%, Қостанай -6,9%, Ақтау - 4,9%, Көкшетауда - 4,5% қымбаттады, - делінген хабарламада.

Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 7 нарық субъектісіне (Шымкент, ШҚО, Қарағанды облыстарындағы өндірушілер мен көтерме сауда жеткізушілер) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілді.

Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысындағы келісілген әрекеттер және Алматы қаласындағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 2 тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге бағалардың күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл мұнайға әлемдік бағалардың 53,8%-ға өсуі, шикізатқа сатып алу бағасының өсуі, өндірушілердің өткен жылғы егіннің шикізат қорын қысқартуы.

Атап айтқанда, шикізатты сатып алу бағасының жоғары болуына және шикізаттың болмауына байланысты ШҚО-дағы күнбағыс майын өндіретін ірі өндіруші «Востоксельхозпродукт» ЖШС өз өндірісін тоқтата тұрды.




Фото: дереккөз
Загрузка...