Бас жаңалықтар
Жұманғарин жанармай бағасы қашан және қанша теңгеде тұрақтанатынын айтты   
21 Сәуiр 2021, 17:47 181

Жұманғарин жанармай бағасы қашан және қанша теңгеде тұрақтанатынын айтты  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Қазақпарат» ХАА АҚ ұжымымен кездесу барысында айтты.

Жанар-жағармай бағасының өсуіне экономикалық негізінен қарасақ, былтыр акциз көтерілді. Зауыттағы өндіру бағасы өсті. Бірақ былтыр бағаға қатысты сұрақ туындамады, өйткені баға төмендеді. Сол себепті биыл баға өсіп отыр. Екіншіден Атыраудағы МӨЗ жұмысы тоқтап қалды. Бір ай тұрды, 5 сәуірде жұмысқа кіріседі деді. Бірақ ол жұмысқа кіріспеді. Енді сәуірдің аяғына дейін тұрады. Ол дегеніміз АИ-92 жанармайының шығуы екі есеге төмендеді деген сөз, - деді ол.

Жұманғарин айтқандай, АИ-92 жанармайының 1 тоннасының бағасы бізге қарағанда 200 долларға қымбат.

Сол себепті тыйым салынса да, жанармай кетіп жатыр. Біз барлық өңірдегі нарыққа зерттеу жасадық. Бағаның өсу себебі мен өзіндік құнын анықтап, бизнеспен сөйлестік. Осы аптада қазіргі бағаның деңгейі ШҚО-да 169-172, БҚО-да 155-165 теңге шамасында болып отыр. Батыста Атырау жақын болған соң жол шығыны аз. Біздің есептеуімізше, осы немесе мамыр айында жанармай бағасын 170-тен асырмаймыз. Сол деңгейде ұстауға тырысамыз. Бірақ мұнайшылардың жоспары бар. Тәртіп бойынша қайта жөнделуге Шымкент зауыты тұруы керек. Зауыт көлік сияқты оған кезеңдеп жөндеу жұмыстарын жасау керек, - деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Шымкенттегі зауыт тоқтаса, қиын болады, себебі ол оңтүстік өңіріне әсер етеді.

Шымкент тұрса, тағы 200 теңге болуы мүмкін. Алайда 200 теңгеге жеткізбейміз. Біз жанармай бағасына қатысты жанармай бекеттеріне хаттамаларды бердік. Оны орындамаған жағдайда тергеп-тексеру жұмыстары басталады, - деді Серік Жұманғарин.

Еске салсақ, Жұманғарин бұған дейін агенттік бағаны реттемейтінін, бірақ оның қалыптасуына әсер ететінін айтты.



Фото: автордан
Загрузка...