Жұманғарин республика бойынша бензин қаншаға арзандағынын айтты

7 Қыркүйек 2021, 10:25
5134
Бөлісу:
Жұманғарин республика бойынша бензин қаншаға арзандағынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.

Бүгінгі таңда АИ-92 маркалы бензинді сату нарығында тұрақтылық байқалады. Ірі желілердің сату бағасы 175 тг/л аспайды.Агенттік өңірлік бензин сатушыларға және «Petro retail»,  «Синоил»  және «Гелиос»  3 ірі желілеріне 14 хабарлама жолдады. Барлық хабарлама орындалды. Жалпы, республикада бензин бағасының төмендеуі орта есеппен 3%-ды құрады, - деді ол.

Жұманғарин бүгінгі күні ірі желілердің сату бағасы 200 тг/л-ден аспайтынын айтты.

Агенттік өңірлік дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге 19 хабарлама және 4 ірі желіге: 

«Газпромнефть-Қазақстан» ЖШС, «Petro retail» ЖШС, «Синоил» ЖШС және «Гелиос» ЖШС шығарды. Барлық хабарлама орындалды. Сонымен қатар 1 шілдеден бастап дизель отынына акциз 540-тан 9 300 тг/т дейін өскенін атап өткен жөн, бұл бағаға орта есеппен литріне 8 теңгеге дейін әсерін тигізеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы