Бас жаңалықтар
Жұманғарин бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттарын атады
22 Маусым 2021, 09:46 356

Жұманғарин бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ведомствоның атқарып жатқан жұмысы жайында есеп берді.

Оның айтуынша, бүгінгі күннің негізгі міндеті – мемлекеттің экономикадағы рөлін айқындау. Бұл ретте бәсекелестікті айқындау бойынша 3 негізгі реттеуші кедергі анықталды.

Олар – негізгі қуатқа қол жеткізу, бағаны бұрмалау, сондай-ақ фаворитизм.

Негізгі қуатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі. Бұған магистраль темір жол желісі, байланысқа арналған кабельдік кәріз, ары қарай өңдеуге арналған бастапқы металдар, теңіз порттары, дәрі-дәрмек өндіруге арналған заттар, өндіріс технологиялары жатады. Біз негізгі қуатқа қол жеткізу принциптерін айқындадық. Ақылылық, транспаренттілік, жеделділік, мүмкіндік, басым жағдайға ие болу, - дейді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар бәсекелестікті дамытудың бағыты – биржалық сауданы дамыту.

Биржалық сауда дұрыс жолға қойылды. Бүгінгі таңда бензин, битум, көмір, сұйытылған газ сауда-саттыққа іске қосылды. Жақында авиакеросин, дизель отыны қосылады. Алғаш рет көмірмен биржалық сауда-саттық өткізілді, - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар агенттік басшысы тағы бір маңызды қадамға тоқтала кетті.

Ол - Мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу. Біз 51 монополиялық операторды анықтадық. Оның 47-сі мемлекеттік қатысумен. Біз не ұсындық? Олардың 27-сі бойынша арнайы құқықтық институт енгізіледі. Оған қатар реттеуге, бағалы өзге қызметті шектеуге, бизнес құру кезінде залал келтірген жағдайда шығындардың орнын толтыру кіреді, - дейді Жұманғарин Үкіметте.

Ол баяндағандай, 18 реттеу бойынша операторлар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырып, табыс таппағандықтан, олар бұл тізімге кірмейді. Сондай-ақ 9-ы бойынша түбегейлі шаралар қабылданады. Ал 4-еуі жойылып, не жекешелендіріледі. 5-еуі операторлықтан айырылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 17 өңірде тосқауылдар бойынша кеңестер құрылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...