Бас жаңалықтар
Қазақстанда алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне бірегей операция жасалды
19 Шілде 2019, 09:31 337

Қазақстанда алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне бірегей операция жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында аяғы ауыр әйелдің скринигтік тексеруден өтуі кезінде жүрегінен ісік табылған. 20 жастағы келіншек жүктілігін тоқтатудан бас тартыпты, деп хабарлады 24.kz.

Дәрігерлер 2,5 сағат операция жасап, ана мен баланы ажалдан құтқарып қалды. Олар жүрек пен өкпенің қызметін тоқтату арқылы қан айналу жүйесіне жиналған іріңді алып тастады. Жүктілігі 4 айдан асқан ананың қазіргі жағдайы жақсы. 

67043629_2242561852722678_6198279188479213568_n_3VWzvKOf.jpg

Айта кетейік, биылғы жыл басынан бері Шымкенттегі кардиологиялық орталық мамандары ашық түрдегі 300-ден астам операцияны сәтті жасап шықты. 

"Ашық түрде жасалатын операциялардың бәрінің өзінің ерекшелігі бар. Осы науқасқа да осы ерекшеліктермен жасалды. Сол жасалып жатқан операция кезінде жүрек пен өкпе тоқтап, оның орнына басқа құрал-жабдықтар қызмет атқарады. Жалпы организмнің қан қысымын, ағзада болып жатқан өзгерістердің барлығын қадағалап, бірқалыпты ұстауға мүмкіншілік жасайды. Бәрі сәтті өткен кезеңде жаңағы аппараттарды ажыратып, толық мөлшерде жүрекке өз қызметін қайтадан қосамыз", - деп атап өтті кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Ермағанбет Қуатбаев.




Фото: дереккөз

Сізден жаңалық