Бас жаңалықтар
Ұлыбританияда жүк көлігінен 39 адамның денесі табылды
23 Қазан 2019, 18:29 196

Ұлыбританияда жүк көлігінен 39 адамның денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүк көлігі сенбі күні Болгариядан шыққан болуы мүмкін. Жүргізуші ұсталды.

Ұлыбританиялық полицейлер Эссекс графтығында жүк көлігінен 39 адамның денесін тапты. Бұл туралы бүгін The Daily Telegraph газеті жазды.

Басылымның хабарлауынша, Солтүстік Ирландия азаматы болып шыққан 25 жастағы жүргізуші ұсталған.

Ал, жүк көлігі Болгарияда тіркелген және сенбі күні Холихед арқылы Ұлыбританияға кірген. 

Холихед Ұлыбританияда Дуврдан кейінгі ең үлкен паром порты және Ирландиядан материктік Ұлыбританияға әкелетін негізгі маршрут болып есептеледі.

"Жүк көлігінің жүргізушісін қамауға алдық. Қазір тергеу жүріп жатыр", - деді бас суперинтендант Эндрю Маринер.

Көлікте 38 ересек адам және бір жасөспірімнің денесі болған.


Фото: дереккөз
Загрузка...