МИБ мен жай серіктестік қалай құрылады?

27 Қаңтар 2021, 12:45
2438
Бөлісу:
МИБ мен жай серіктестік қалай құрылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ- өткен брифингте «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков айтты. 

Серіков көп пәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндірді. 

Жеке өз үйінде мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестік құру заң мен нормативтік актілерде көрсетілген. ӨМИБ немесе жай серіктестік құру үшін жеке иелер бастамашы  жиын ұйымдастыруы  керек. Типтік пішінге сәйкес, жиын өткізу туралы хабарлауы керек.  Тұрғын үйлердің иелері бастамашы жиынды ұйымдастыра алмаса, тұрғын үй инспекциясы жиынды дербес ұйымдастыра алады, - деді ол. 

Серіков айтқандай, жеке иелерді жиынның өтетініне 10 күнге дейін  барлығына қолжетімді жерлерде хабарлама ілу немесе жеке поштаға ақпарат жіберу бойынша аұпараттандыруы керек. 

Жеке өз үйі мүлік иелерінің жиынына барлық иелердің 50 пайызы қатысуы керек. Шешім қатысушылардың басым таңдауына байланысты таңдалады. Жиындағы негізгі қаралатын шаралар бойынша, жеке иелердің мүлкі немесе жай серіктестік құру және оның төрағасын таңдау бойынша дауыс беруі керек. Оның басқару мерзімі бір жылды құрайды, - деді ол. 

Ол атағандай, егер қажетті жағдайда жиын орындалмайтын болса, хат түріндегі сауал тұрғындарға жеке жіберіледі.


Өзгелердің жаңалығы