«ЖОО үздік оқытушысы» байқауы басталды

14 Қараша 2020, 07:52
1195
Бөлісу:
«ЖОО үздік оқытушысы» байқауы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналы.

Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістік көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрам қатыса алады. 

Байқаудың мақсаты – ЖОО оқытушыларының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына деген мотивациясын арттыру. 

Конкурс екі кезеңнен тұрады: 2020 жылдың 12-30 қарашасында жоғары оқу орындағы кезең; 2020 жылдың 4-15 желтоқсанында республикалық кезең. 

Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді. Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді.

Өзгелердің жаңалығы