Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсті

20 Сәуір 2021, 13:41
3151
Бөлісу:
Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің аумағында Сібір тау ешкісі фототұзаққа алынды. Жоңғар Алатауы МҰТП ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері парк аумағына фото-тұзақтар құру арқылы таутекелердің таралу аумағына, маусымдық құбылыстарына тұрақты бақылаулар жүргізуде.

2020 жылы парк аумағында таутекелерді тұрақты есепке алу маршруттары арқылы санақ жұмыстары инспекторлық құраммен, жануарлар әлемін қорғау және санын молайту, ғылым ақпарат және мониторинг бөлімдерінің, филиалдардың аңшылықтанушы-биолог және филиалдың ғылыми мамандарымен бірлесіп жүргізілді. 2020 жылғы санақ бойынша парк аумағындағы саны - 1596 бас.

Таутеке – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жұптұяқты жануар. Текелерінің дене тұрқы 140 – 167 см, салмағы 59 – 82 кг болса, ешкілері кішірек. Түсі сұрғылт, біркелкі. Қысқа қарай ірі текелерінің жотасы мен мойнында, қапталында ақ түсті жолақ пайда болады. Текесінің семсер тәрізді, көлденең бунақты, ұзындығы 140 см-дей мүйізі болады, ешкісінің мүйізі 40 см-дей. Маусым сайын таудың басынан етегіне, етегінен басына дейін ауысып, қоныс аударып отырады.



Өзгелердің жаңалығы