Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

15 Наурыз 2019, 09:55
2710
Бөлісу:
Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылғы 15 наурызда ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты Астана қаласына экстрадициялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Оған өткен жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жарияланды.

«Жомарт Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, өзге тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдік келтірілді. Сондай-ақ, Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен банктің қатардағы жұмысшылары – бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріповтер күдіктілердің ішінде», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынды.

Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тергеп-тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Жомарт Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Өзгелердің жаңалығы