АҚШ-та көшені кесіп өтпек болған аллигатор видеоға түсіп қалған

19 Тамыз 2019, 10:01
1676
Бөлісу:
АҚШ-та көшені кесіп өтпек болған аллигатор видеоға түсіп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Флорида штатында жолды кесіп өтпек болған рептилия жол қозғалысын тежеді. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Оқиға Флорида штатының Пинеллас-Парк қаласында болды. РЕН ТВ телеарнасында көрсетілген кадрларда жолды кесіп өтіп бара жатқан аллигатор байқалады.

Болған оқиғаны видеоға түсіріп алған жергілікті тұрғын Роджер Лайттың сөзінше, ол рептилияны көргенде қатты қорқып қалған.

«Бағдаршамның жанына тоқтағанда, аллигатор менің көлігіме қарай келе жатқанын көргенде мен қатты қорқып кеттім», - деді Роджер Лайт.

Кейіннен белгілі болғандай, оқиға орнына арнайы мамандар келіп, бауырымен жорғалаушыны құрықтап, оның мекен ететін жеріне апарып тастады.



Өзгелердің жаңалығы